
Бүгін Павлодар облысы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің мамандары өңірдегі қосымша білім беру ұйымдарымен онлайн форматта жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында қосымша білім беру саласында қызметті бастау туралы хабарламаны ұсыну рәсімдері бойынша Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының нормалары жан-жақты түсіндірілді. Білім беру ұйымдарының рұқсаттық құжаттарды уақытылы рәсімдеуі мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында болады.
Толығырақ https://egov.kz/cms/ru/news/notifications_regarding