
Департаменттің лицензиялау бөлімінің мамандары Павлодар техникалық сервис колледжде «Автомобиль құрастыру» техникалық және кәсіптік білім беру мамандығы бойынша және Техникалық колледжде «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша лицензияға қосымшаларды беру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша рұқсаттық бақылауын жүргізді.
Оқу процесін жүргізу үшін колледждер тиісті оқу-әдістемелік әдебиеттерді алды, шеберханалар мен зертханалар қажетті кәсіби құрал-жабдықтармен жабдықталған, арнайы пән оқытушылары өндірісте тағылымдамадан өтті.
Жұмысшы мамандықтары жылының жоспарын жүзеге асыру аясында нарық сұранысына сәйкес облыс колледждерінде жаңа мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлаудың материалдық-техникалық базасын жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Барлық жұмыс жұмыс берушілерімен ынтымақтастықта жүргізіледі.