Департамент басшысы Г.К. Уздембаева облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.С. Шәкеновамен кездесу өткізді.

Департамент басшысы Г.К. Уздембаева облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.С. Шәкеновамен кездесу өткізді.

Кездесуде Павлодар қаласының №116 балабақшасында балаларды ұрып-соғудың резонанстық фактілері талқыланды.
Бұл оқиғаға байланысты көптеген сұрақтар туындайды, атап айтқанда: тәрбиеші неге бірден жұмыстан шығарылмады және Департамент Павлодар қалалық білім бөлімінің шешімін неге жоққа шығармайды, егер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 14-тармағына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен адамгершілікке жат әрекет жасағаны үшін еңбек қатынастары тоқтатылуы мүмкін болса, ал ұрып-соғу осындай теріс қылықтардың бірі болып табылады?
Қазіргі уақытта, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігінде көзделген құқыққа қарсы әрекетті жасады деген күдікке ілінген №116 балабақшасының тәрбиешісі жұмыстан шеттетілді.
Айта кету керек, білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату мәселелері Еңбек заңнамасына сәйкес Департамент құзыретіне кірмейді. Аталған тәрбиеші бойынша түпкілікті шешімді қылмыстық іс аяқталғаннан кейін сот қабылдайтын болады