
Департамент басшысы Г.Уздембаева 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі қызмет қорытындылары бойынша Департамент қызметкерлерімен кеңес өткізді. Кеңесте мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары, атап айтқанда: білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, қайта аттестаттау, барып алдын ала бақылау, азаматтардың Департаментке келіп түскен өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер және білім беру саласындағы проблемалық мәселелер қаралды.
Есепті кезеңде Департаментпен 400 мемлекеттік бақылау шарасы жүргізілді, оның ішінде: 25 мектепті мемлекеттік аттестаттау, 121 оқушыға кешенді тестілеу, 175 мектепті қайта аттестаттау, 3 барып алдын ала бақылау, 7 өтініш бойынша жоспардан тыс тексеру, сондай-ақ 66 білім беру ұйымына мониторинг жүргізілді.
Білім беру қызметіне лицензия және лицензияға қосымшалар алуға 455 өтініш және білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 127 өтініш келіп түсіп, қаралды.
Департаментке өтініш берушілерден 215 өтініш келіп түсті, оның 144-і қаралды, 56-сы құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілді және 15 өтініш бойынша қарау тоқтатылды.
Талқылау нәтижесінде жұмыстағы проблемалар анықталды, екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер белгіленді және одан әрі қызметті жақсарту үшін тиісті ұсыныстар берілді.