Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік қызмет көрсетудің екі түрін көрсетеді: білім туралы құжаттарға (тұпнұсқалар) апостиль қою және білім беру қызметімен айналысуға лицензия және/немесе оған қосымшаны беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарт және регламентке сәйкес көрсетіледі.
Құжаттарға апостиль қою тәртібі қандай және білім туралы құжаттарға апостиль не үшін қойылады?
Апостиль – бұл құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжатты бекiткен мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
Апостиль тек білім туралы құжаттың тұпнұсқаларында, оларға мысалы, жалпы орта білім туралы аттестат, негізгі білім беру туралы куәлік, техникалық және кәсіптік білім беру туралы диплом, жоғары білім беру туралы дипломға және т.б. қойылады.
Өтініштерді қабылдау Халыққа қызмет көрсету орталығы және «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш бланкі бекітілген үлгіде болуы керек. Өтініште өтініш беруші баратын ел міндетті түрде көрсетіледі. Апостильді мойындаған елдердің тізімі Гаага конвенциясымен бекітілген.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі, мемлекеттік баж 0,5 АЕК (1459 теңгені) құрайды, төлемді кез келген банк немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жасауға болады.
Төлем үшін деректемелер: «Астана қаласы Сарыарқа ауданының салық басқармасы».
Қағаз нұсқасындағы «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды беру немесе себепті бас тарту Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту құжаттардың анық еместігін анықтағанда және Гаага конвенциясымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рәсімделеді.
Білім беру қызметін лицензиялау рәсімін жүргізу кезінде қандай негізгі сұрақтар бар?
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2014 жылы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы құрастырылды және қабылданды.
Осы Заңмен лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсат түсінігінің анықтамасы енгізілген. Барлық рұқсаттар қауіпсіздіктің деңгейіне байланысты санаттарға бөлінген.
Осылайша, бірінші санаттағы рұқсатқа - лицензиялар, екіншіге – барлық басқа рұқсаттар, үшіншіге – хабарламалар жатқызылған.
Мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының қызметі тек лицензия алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласындағы қызмет – қызметтің басталғандығы туралы хабарламаны берген кезден бастап.
Департаментке лицензия алуға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқытатын заңды тұлғалар, яғни олар мектептер, соныман қатар кәсіптік білім беру ұйымдары – колледждер жүгіне алады.
Білім беру қызметіне лицензия беру www.elicense.kz порталы арқылы тек электронды нысанда жүзеге асырылады, онда жеке кабинетке кіруге рұқсат алып, тіркеуден өту қажет.
Білім беру ұйымдарына білім беру қызметімен айналысуға қолданылу мерзімі шектелмеген бас лицензия беріледі.
Бас лицензияның ажырамас бөлігі болып лицензия қосымшасы табылады, онда білім беру қызметінің тармақтары көрсетіледі.
Бүгінгі күні облыста білім беру қызметін лицензиясыз жүзеге асырып жатқан ұйымдар жоқ.
Сонымен қатар лицензиаттың тіркеу мәліметтерінің өзгерістеріне (ұйым атауы, елді мекен атауы, заңды мекенжайдың өзгерісі және т.б.) байланысты мекеменің уақытылы әрекеттеріне көңіл аудару қажет. Бұл жағдайда лицензия және (немесе) лицензия қосымшасын қайта рәсімдеу керек. Бұл мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады, лицензиялық алым сомасы 1 АЕК (2917 теңге) құрайды, қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.
Сондай-ақ, қазіргі кезде білім беру ұйымдарының қосылуы, бірігуі, бөліп шығару нысандарында қайта ұйымдастырылу мәселесі өзекті. Мұнда Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 34,35-баптарын басшылыққа алу қажет.
Енді балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар туралы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын барлық ұйымдар, оның ішінде шағын-орталықтар, мектеп ішіндегі мектепке дейінгі дайындық сыныптары «Е-лизенциялау» порталы арқылы мектепке дейінгі білім беру саласында қызметті бастағандығы туралы хабарламаны Білім саласындағы бақылау департаментіне беруге міндетті.
Білім беру ұйымының заңды мекенжайы, ұйымның тіркеу мәліметтері (мысалы, білім беру ұйымының атауы, заңды мәртебесі) өзгерген жағдайда қолданыстағы хабарламаға өзгерістерді еіңгізуі, ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 46-бабынының 7-тармағында бекітілген тәртіпте өзгерістерді еіңгізуі тиіс.
Хабарламалар тізіліміне енгізілмеген ұйымдардың қызметі жаралмайтын болып табылады.