Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылдың 1-тоқсанындағы қызметі туралы есебі

2026 жылдың 1-тоқсанында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметкерлермен 2 семинар өткізді. Онда жұмысты жоспарлау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл жеке қабылдау кезінде Департаменттің жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшісіне тағылымдамадан өту мәселелері бойынша және Департаментке жүгінген өтініш берушіге мемлекеттік қызметтегі, соның ішінде департаменттегі бос лауазымдар мен мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсетіп, түсініктемелер берді. Атқарылған жұмыстар туралы барлық ақпарат департаменттің сайтында, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
Департаментте мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы ҚР заңнамасын сақтау, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу, заңнама бұзушылықтарына жол бермеу мәселелері бойынша тұрақты түрде кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар шығарылуда. Сонымен қатар, департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің белгіленген уақыттан тыс, оның ішінде мереке және демалыс күндері жұмыс істеу фактілеріне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Есепті кезеңде Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы және мүдделер қақтығысының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Дата публикации
31 марта 2026