2025 жылы Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі келесі жұмыстарды жүргізді

   2025 жылы Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі келесі жұмыстарды жүргізді: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (бұдан әрі - Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша 5 жеке консультациялық көмек көрсетілді, оның ішінде: Департаменттің 3 мемлекеттік қызметшісіне (алғаш қабылданған, жаңадан тағайындалған және т.б.) және 2 - Департамент қызметіне қатысты түрлі мәселелер бойынша жүгінген жеке тұлғаларға.
      Департамент қызметкерлері арасында да тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Әдеп жөніндегі уәкіл жыл ішінде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 19 кеңес өткізді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарының 40 түрі жүргізілді, оның ішінде: 8 дәрістер, семинарлар, консультациялар. Сондай-ақ, облыс бойынша білім беру ұйымдарына, аудандарға, ауылдық округтерге бару барысында Әдеп кодексін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгімелер жүргізіледі.

        Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік әдеп нормаларының сақталуына және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізіледі. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал оң.
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

       Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар департаменттің интернет-ресурсында орналастырылады.

Дата публикации
20 января 2026