Отчет о деятельности Совета по педагогической этике Павлодарской области за 2025 год

   

2025 жылы Павлодар облысының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) жұмыс жоспарына сәйкес 4 отырыс өткізу, сондай-ақ түскен өтініштер мен арыздарға байланысты кезектен тыс отырыстар өткізу жоспарланды.

        Кеңеске білім беру ұйымдары басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау жөніндегі қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Аққулы, Тереңкөл аудандарының, Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларының білім бөлімдері басшыларының есептерін тыңдау жоспарланды.

       Ақпараттар қабылданып, келесі ұсынымдар берілді:

  1. Білім беру ұйымдарының басшыларымен және педагогтармен «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ талаптары мен педагогикалық әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізу.
  2. Педагогтардың, оның ішінде білім беру ұйымдары басшыларының «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ талаптары мен педагогикалық әдеп нормаларының талаптарын сақтау мәселесін тұрақты бақылауда ұстау.

      2025 жылы Департамент 9 отырыс өткізіп, 13 мәселені қарады: 2025 жылғы 20 ақпан, 17 наурыз, 22 сәуір, 28 мамыр, 26 қыркүйек, 10 қазан, 28 қазан, 9 желтоқсан, 22 желтоқсан.

      Департаментке Кеңес отырысында қарау үшін 12 өтініш және мемлекеттік органнан бір ұсыным түсті.

      Қарау қорытындысы бойынша Кеңес 5 мұғалімді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным берді. Сондай-ақ, қарау нәтижесінде 1 педагог жұмыстан босатылды. Педагог мәртебесін бұзу бойынша педагогтарды жауапкершілікке тарту жағдайлары болған жоқ.

      Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес туралы ережеге сәйкес, Кеңестің міндеттері мен функцияларының бірі: 2) педагогтардың жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу; 3) педагогикалық әдептің бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды қарау және соның негізінде білім беру ұйымының және білім бөлімінің басшысына ұсынымдар әзірлеу.

       Сондай-ақ, «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес: «Педагогтің міндеттері: 1. Педагог: ... 4) педагогикалық әдепті сақтауға міндетті».

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық әдеп қағидаларының 2-тарауы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес: «Педагогикалық әдептің негізгі принциптері: 3) адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу: Педагог білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), өзінің кәсіби назарында болатын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынаста әдептілік танытады».

Дата публикации
31 декабря 2025