2025 жылдың 3 тоқсанында Департаментпен лицензия алуға 10 өтініш және лицензияға қосымшалар қаралды. Лицензиялау жөніндегі комиссияның 3 отырысы өткізілді.
Сұранысқа ие мамандықтар бойынша ТжКБ ұйымдары мен мектептерге білім беру қызметінің кіші түрлеріне лицензияға қосымшалар берілді.
Дәлелді бас тартулар 7 өтініш бойынша жіберілді.
Бас тартудың негізгі себептері - біліктілік талаптарына сәйкес келмеу.
2025 жылғы 3 тоқсанда білім туралы 136 құжатқа апостиль қойылды, 1 өтініш берушіге апостиль қоюдан бас тартылды.
Білім туралы құжаттардың басым бөлігі келесі елдерге бару үшін апостиль қойылған: Австрия -1, Әзірбайжан – 2, Аргентина – 2, Германия – 19, Греция – 1, Испания – 7, Италия – 9, Қытай – 1, Корея – 5, Польша – 2, Түркия – 41, Чехия -46.
Бас тарту себебі:
- білім беру ұйымының білім туралы құжатты беру фактісін растамауы.
Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат беру мақсатында толық ақпарат Департаменттің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің фойесіндегі стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылған.
Қосымша білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн форматта кездесу өткізілді, қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру бойынша рәсімдік сәттер түсіндірілді.
Сондай-ақ, тамыз педагогикалық конференциясы аясында ТжКБ ұйымдарының орынбасарларымен Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес дәлелді бас тартуды дайындау кезінде көрсетілетін қызметті алушының өкілдерімен тыңдау рәсімі өткізілді, онда бас тарту себептері бойынша түсініктемелер берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық өтініштер мерзімі бұзылмай ұсынылды. Негізсіз бас тартуға шағымдар, сондай-ақ құжаттарды талап ету фактілері заңнамалық актілерде көзделмеген.