Департамент басшысының 2026 жылдың 2-тоқсанында азаматтарды жеке қабылдауы бойынша есебі

 

2026 жылдың II тоқсанында Департамент басшысы Г.К. Уздембаева азаматтарды 12 жеке қабылдау өткізді. Кездесулер барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша өтініштер қаралды. Оның ішінде: үш өтініш білім беру ұйымдарын қайта аттестаттауға, екі-екіден — дипломдардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне, бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелеріне, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер қорытындысы мен мекеме басшыларын жауапкершілікке тарту мәселелеріне қатысты болды. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау, мектеп басшылығының іс-әрекеттері және балаға қатысты буллинг (қорлау) фактісі бойынша өтініштер қабылданды.
Қабылдау қорытындысы бойынша: келіп түскен барлық мәселелер егжей-тегжейлі зерделенді. Өтініш берушілерге таусылмайтын (толыққанды) ұсынымдар мен құқықтық кеңестер берілді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі туралы түсіндірмелер берілді.

Дата публикации
01 июля 2026