
2025 жылғы 13 наурыз күні Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев Департамент басшысы Ғ.Дәулетованы қабылдады.

Қабылдау барысында Департамент басшысы Ғ.Дәулетова 2024 жылы білім беру ұйымдарына өткізілген мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары туралы баяндады.

Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы 387 мемлекеттік бақылау шаралары өтті. Қорытындысымен 5 кешкі мектеп жабылды, сонымен қатар, заңсыз жұмыс жасап жатқан бастауыш мектептердің 13 қосымша ғимараттарындағы жұмыстары тоқтатылды.

Лицензиясыз қызмет атқарған 5 мектепке хаттама толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, Департамент басшысы облыс көлемінде жұмыс жасайтын 33 жеке мектепке бақылау шаралары жоспарланғандығын айтып, 2025 жылы Департаментпен атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Облыс әкімі Н.Нәлібаев білім беру ұйымдарына, оның ішінде жеке балабақшалар мен жеке мектептерге бақылау шараларын жүйелі жүргізуді тапсырды.