
Сіздерді келе жатқан 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы бір көктемнің шуақты мерекесінде Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілей отырып, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Шаңырақтарыңыздың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік арылмасын!