БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
✅ Бүгін Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы А.Досжанов кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарының өкілдерімен семинар кеңес өткізді.
✅Семинар барысында Департамент маманы А.Досжанов орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарының лицензия және лицензияға қосымшада бекітілген біліктіліктерді мамандыққа ауыстыру мақсатында қайта ресімдеу жұмыстарын жүргізу үшін негіз болатын ақпарат қамтылған құжаттарды атап өтті.
✅ Аталған мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін қызметті www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтініш беру арқылы жүгінеді. Осы орайда Департамент маманы семинарға қатысушыларға порталда қайта ресімдеу жұмыстарын жүргізу үшін ұсынылатын құжаттарды жүктеуге арналған бейнероликпен таныстырды.