ТАҒЫЛЫМДАМА – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ КӘСІБИ ӨСУІ МЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

ТАҒЫЛЫМДАМА – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ КӘСІБИ ӨСУІ МЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Үйлестіру және өңірлік талдау басқармасында 2025 жылдың 10-14 ақпан аралығында  Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің  басшысы Жұманов Нұржан Алтынбекұлы кәсіби білім алу мен тәжірибе жинақтау мақсатында ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтуде.

Тағылымдама - бұл  мемлекеттік қызметшілердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде жоспарға сәйкес ұйымдастырылады. Нәтижесінде, тағылымдамаға қатысушының теориялық-практикалық білімі мен икемділік, дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік береді.

 Жұманов Нұржан Алтынбекұлының тағылымдамадан өтуде жинаған тәжірибесі кәсіби біліктілігінің шыңдалуы мен мемлекеттік қызметін сапалы орындауына ықпалын тигізері сөзсіз.