Бүгін Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәулетова Ғалия Ноғайқызы өңірлік коммуникациялар орталығында 2024 жылы жүргізілген мемлекеттік бақылау шараларының қорытындыларына және алдағы 2025 жылғы міндеттерге қатысты брифинг өткізді.
- Брифинг барысында Департаментпен 2024 жылы өткізілген мемлекеттік бақылау шаралары, Прокуратурамен бірге жүргізілген тексеру қорытындылары, бірнеше бағыттарда жүргізілген мониторинг нәтижелеріне тоқталды.
- Департаменттің 2025 жылы алға қойған міндеттеріне нақты тоқталып, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес биылғы жылы білім беруді басқару органдарына тексеру жұмыстары жоспарланғандығын атап өтті.
- Департамент өз кезегінде аталған мәселелердің бекітілген заңнамалар аясында жүзеге асырылуын бақылайды. Қосымша сұрақтар бойынша Департаментке хабарласуға болатынын хабарлады.
- Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауаптар берілді.