ОБСУЖДЕНЫ ИТОГИ ГОСУДАРСТВЕННОЙ АТТЕСТАЦИИ

ОБСУЖДЕНЫ ИТОГИ ГОСУДАРСТВЕННОЙ АТТЕСТАЦИИ
МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
✅2024 жылғы 19-20 желтоқсан күндері Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова мемлекеттік аттестаттау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын Қармақшы, Жалағаш аудандарында жалғастырды.
✅Қармақшы ауданында №26 мектепте білім беру ұйымы басшыларымен кездесіп, білім саласының бірқатар мәселелерін талқылады. Семинар-кеңеске 30 мектеп, 47 балабақша, 2 мектептен тыс мекеме басшылары қатысты.
✅Департамент басшысы Қармақшы ауданы білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау қорытындыларына тоқталды.Биылғы жылы білім беру қызметінің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін Қармақшы ауданының жалпы білім беретін кешкі мектебі және Қорқыт бекетіндегі бастауыш сыныптардың қосымша ғимараты жабылды.
✅Ағымдағы жылы Қармақшы ауданының 12 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді, оның ішінде 2 балабақша, 10 мектеп. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен бірінші реттен 1 (50%) балабақша, 6 (60%) мектеп аттестаттаудан өте алмады. Мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған білім беру ұйымдарына екінші рет өту мүмкіндігі берілетіндігін жеткізді.
🏆Сонымен қатар, мемлекеттік аттестаттаудан жоғары нәтиже көрсеткен Байқоңыр қаласындағы №273 орта мектепке Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының дипломын табыстады.
✅Семинар-кеңесте Департамент басшысы білім саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілерге енгізіліп жатқан өзгерістермен таныстырды.
✅Департамент тарапынан білім беру ұйымдарына педагогикалық әдеп қағидаларын көрнекі етіп ілінуін, педагогикалық кеңестерде педагогикалық әдеп нормаларын үнемі ақпараттандыру туралы тапсырма берілгендігін айтты.
✅Департамент басшысы Жалағаш ауданындағы №246 орта мектепте ауданның білім беру ұйымдары басшыларымен кездесті. Жиынға білім бөлімінің әдіскерлері, 20 мектеп, 37 балабақша меңгерушілері қатысты. Биылғы жылы Жалағаш ауданының 21 білім беру ұйымы (10 балабақша, 11 мектеп) мемлекеттік аттестаттаудан өткізілгендігін айтып, нәтижелеріне тоқталды. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен бірінші реттен Жалағаш ауданынан 8 (80%) балабақша, 8 (72,8%) мектеп аттестаттаудан өте алмаған.
✅Осы орайда Департаменттің бас маманы Г.Ауезов білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттаудың негізгі бағыттары бойынша түсіндірме жасап, білім беру ұйымы екінші ретте де мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаса, балабақшалар рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен шығарылатындығын, ал жалпы орта білім беру ұйымдары мектеп бітірушілеріне аттестат бере алмайтындығын жеткізді.
✅Департамент басшысы Ғ.Дәулетова білім беру ұйымының басшыларына білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға үнемі сыртқы бақылау жүргізілетіндігін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.