ОБСУЖДЕНЫ РЕЗУЛЬТАТЫ ОБРАЗОВАНИЯ ЖАНАКОРГАНСКОГО, ШИЕЛИЙСКОГО РАЙОНОВ

ОБСУЖДЕНЫ РЕЗУЛЬТАТЫ ОБРАЗОВАНИЯ ЖАНАКОРГАНСКОГО, ШИЕЛИЙСКОГО РАЙОНОВ
ЖАҢАҚОРҒАН, ШИЕЛІ АУДАНДАРЫНЫҢ БІЛІМ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
✅ 2024 жылғы 17-18 желтоқсан күндері Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова Жаңақорған, Шиелі аудандары білім беру ұйымы басшыларымен кездесіп, білім саласының бірқатар мәселелерін талқылады.
✅ Кездесу барысында Департамент басшысы Ғ.Дәулетова жаңадан енгізілетін жалпыға міндетті білім беру стандартын, «Заманауи педагог» жобасы негізінде енгізілетін педагогтің әдеп қағидаларына тоқталды.
✅ Осы орайда Департамент басшысы жобаның негізгі мақсаты - жан-жақты дамыған және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіби қасиеттері, педагогикалық мәдениеті бар, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жеткізуші ұстаз бейнесін қалыптастыру екендігін баса айтты.
✅ Сонымен қатар, биылғы жылы Жаңақорған ауданының 64 білім беру ұйымы (36 балабақша, 28 мектеп), Шиелі ауданының 50 білім беру ұйымы (36 балабақша, 14 мектеп) мемлекеттік аттестаттаудан өткізілгендігін айтып, нәтижелерін талқылады.
✅ Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен бірінші реттен Жаңақорған ауданынан 67% балабақша, 89,2% мектеп, Шиелі ауданынан 72,2% балабақша, 92,8% мектеп аттестаттаудан өте алмады. Бұл өте төмен көрсеткіш. Мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған білім беру ұйымдарына екінші рет өту мүмкіндігі беріледі.
✅ Білім беру ұйымы екінші ретте де мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаса, балабақшалар рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен шығарылады, ал жалпы орта білім беру ұйымдары мектеп бітірушілеріне аттестат бере алмайды.
✅ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-бап, 4-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бес жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өтуі тиіс.
✅ Осы орайда Департаменттің бас маманы Г.Ауезов білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттаудың негізгі бағыттары бойынша түсіндірме жасап, мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымы мен педагогикалық ұжымның қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігіне кешенді бағалау болып табылатындығын жеткізді.
✅ Кездесу соңыңда Департамент басшысы Ғ.Дәулетова білім беру ұйымының басшыларына бірқатар міндеттер жүктеп, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажетігін айтты.