
✅2024 жылғы 11-12 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов қызметтік іс сапар барысында Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.
✅Семинар барысында Е.Дауенов білім сапасын арттыру бағытында министрлік тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, білім саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістерді атап өтті.
✅Департамент басшысы Ғ.Дәулетова облыс көлемінде білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, департаменттің алға қойған міндеттерімен таныстырды.
✅Семинар-кеңесте Департамент қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс барысында қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
✅Өз тарапынан комитет төрағасы Е.Дауенов 2024 жылғы мемлекеттік бақылау шараларын сапалы аяқтау, мониторинг жұмыстарын жалғастыру, білім саласының өзекті нормативтік-құқықтық актілері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін сарапшылар тобын жасақтау, ұлттық білім беру деректер қорының дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау және тағы бірқатар тапрсырмалар берді.
✅Комитет төрағасы Е.Дауеновтің қызметтік іс сапар барысында мектепке дейінгі білім беру, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылармен кездесуі жоспарланған.