
2024 жылғы 9 қазан күні Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың қолданылуы туралы» семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Семинар-кеңесте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тақырыптары талқыланды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Алиев Нұржан Жәнібекұлы Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану
қағидаларына түсіндірме жасады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының Бас маманы Айтхожа Марат Исмадиярұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 27-1, 27-2, 27-3 баптарына енгізілген өзгерістер туралы түсіндірме жасады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Абтикерова Мақпал Төлегенқызы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» № 40 бұйрығына сәйкес "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына түсіндірме жасады.
Семинар барысында департамент қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы сұрақтар қойып, өз сауалдарына толық жауаптар алды.
Семинарды Департамент басшысы Ғ.Дәулетова қорытындылап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдеріне алғыс білдірді.