
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Серік Кеңесұлы Акишевтің төрағалығымен білім беру ұйымдары басшыларымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Мырзагалиева Айгуль Абаевна осы бағыттағы атқарылған жұмыстарды баяндады.