
2024 жылдың 6 тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Ш.Баймановтың төрағалымен өткен мәжіліске Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Г.Даулетова қатысты.
Мәжілісте Департамент басшысы Г.Даулетова 2024-2025 оқу жылына дайындық барысы мен аймақтағы жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарына білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мәселелер туралы баяндама жасады.
Алдағы уақытта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, білім беру ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыруда лицензия алу жұмыстары басты назарда болатындығын жеткізді.