
2024 жылғы 20 маусым күні Департаменттегі Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өткізілді.

Кеңес отырысының бекітілген Күн тәртібіне сәйкес, 2024 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің №84 бұйрығымен «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды.

Кеңес педагогтердің педагогикалық этиканы
сақтау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде педагогтердің өтініштерін қарастырады.

Кеңес отырысының қорытындысымен қаралған мәселелерге қатысты білім басқару органдарына бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар жолданатын болады.

Негізгі міндеттерге сәйкес Кеңес келесі функцияларды орындайды:

өз отырыстарында педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды қаралатын мәселелер бойынша тыңдайды;

мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарынан алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратады;

педагогтерден, білім беру ұйымдарының басшыларынан және мүдделі тұлғалардан қаралатын мәселелер бойынша түсініктемелер және (немесе) түсіндірмелер талап етеді;

білім басқармасының (бөлімінің) және білім беру ұйымының басшысына педагогикалық әдепті бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсынымдар енгізеді;

білім басқармасының (бөлімінің) және білім беру ұйымының басшысының қарауына педагогикалық әдепті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ұсынымдар енгізеді;

кеңестің ұсынымдарын тиісті түрде қарастырмаған мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе тиісті лауазымды тұлғаларға жүгінеді.

Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.