Мемлекеттік аттестаттау
Мемлекеттік аттестаттау 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында 85 білім беру ұйымына жүргізілді, оның ішінде 40 балабақша, 45 мектеп. Қорытындысымен 20(50%) балабақша, 8(17,8%) мектеп аттестатталды, 20(50%) балабақша, 37(82,2%) мектеп аттестатталмады.
2024 жылдың 5 айында 84 білім беру ұйымында жүргізілді, оның ішінде 17 (20,2%) білім беру ұйымы аттестатталды, 67 (79,8%) білім беру ұйымы аттестатталмады. 54 мектепке дейінгі білім білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, нәтижесінде 43 (79,6%) білім беру ұйымы аттестатталмады, 11 (20,4%) - аттестатталды. Сонымен қатар, 30 жалпы орта білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 24 (80%) білім беру ұйымы аттестатталмаса, 6 (20%) жалпы орта білім беру ұйымы аттестаттаудан өтті. Жалпы 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік аттестаттау 169 білім беру ұйымына жүргізілді. Мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар жасалды.
Кешенді тестілеу.
Мемлекеттік аттестаттау 2024 жылғы І жартыжылдықта жүргізілетін 30 мектептің 4, 9-сыныптарындағы тест жұмыстарына департамент мамандары бақылаушы ретінде қатысты.
Мемлекеттік аттестаттауға қатысты 30 мектептің 57 сыныбынан тест жұмыстары 2734 оқушы қатысқан, бұл қатысуға тиісті оқушылардың 96,7% құрайды. «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына сәйкес компьютерлік тестілеуге білім алушылардың төменінде 90%-ы қатысуға тиісті. Шиелі ауданындағы кешкі мектептен 6 білім алушының 83,3%, Жаңақорған ауданындағы кешкі мектептен 10 білім алушының 70% қатысып, тиісті 90% жетпеген.
Бағалар бойынша "5" бағасын - 90 оқушы, "4" бағасын - 729 оқушы, "3" бағасын - 1470 оқушы, "2" бағасын - 453 оқушы алған. Мұнда үлгермеуші оқушы 100%, яғни 30 мектепте де орын алған (қосымша кесте тіркелді).
Сонымен қатар, Шиелі (5 білім алушы) және Жаңақорған (7 білім алушы) ауданындағы кешкі мектепте 100% оқушылар "2" бағасын алған, яғни үлгермейді, ал, Қармақшы (12 білім алушы) ауданындағы кешкі мектепте 80% оқушылар "2" бағасын алып отыр.
Сол сияқты, 4,9-сыныптарда Арал ауданындағы №227 мектепте, 4-сыныпта Қазалы ауданындағы №225 мектепте, Арал ауданындағы №200 мектепте білім сапасы 0% құраған. Жалпы мектептердің (30) білім сапасы 29,9% болып отыр.
Күндізгі білім беретін мектептер бойынша 9-сыныпта Шиелі ауданындағы №214 мектепте 51% оқушы, Қазалы ауданындағы №225 мектепте 50% оқушы, Қармақшы ауданындағы №183 мектепте 44% оқушы, Шиелі ауданындағы №219 мектепте 41% оқушы, Арал ауданындағы №83 мектеп, Шиелі ауданындағы №159 мектеп, Жалағаш ауданындағы №119 мектепте 33% оқушы, 4-сыныпта Арал ауданындағы №227 мектепте 57% оқушы, Арал ауданындағы №83 мектеп пен №200 мектепте 33% оқушы "2" алған, яғни бағдарламаны үлгермегендігін көрсетті.
Бару арқылы профилактикалық бақылау. 2023-2024 оқу жылында 2 білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Қорытындысымен бұзушылықтар анықталып, Арал ауданындағы №75 орта мектебіне және Жалаңтөс Бахадүр атындағы спорт-мектеп-интернат-колледжіне нұсқама берілді.
Біліктілік талаптарына тексеру.
2023-2024 оқу жылында 8 білім беру ұйымына біліктілік талаптарына тексеру жүргізілді, оның ішінде 7 білім беру ұйымының басшысына лауазымдық тұлғаға 45 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Жоспардан тыс тексеру.
Жеке тұлғалардың өтініші бойынша 16 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 13 білім беру ұйымында бұзушылық анықталып жою туралы нұсқама берілсе, оның ішінде 4 білім беру ұйымына әкімшілік іс қозғалып (1 колледж, 2 мектеп, 1 қосымша білім беру ұйымы) 160 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, прокуратураның ұсынысымен 26 мектепке 260 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Арал ауданындағы №73 мектепке, Қызылорда қаласындағы №178 мектеп, Қармақшы ауданындағы №121 мектепке, Жаңақорған ауданындағы №3, №209, №254, №247 мектептерге жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нұсқамалар берілді.
Қызылорда қаласындағы «Аяла жан» мектепке дейінгі білім беру мекемесіне және №50 «Жұлдыз» балабақша меңгерушілеріне тәрбиеленушілердің «жеңіл» дене жарақатын алуына байланысты Қызылорда қаласының полиция департаментінің ұсынысына сәйкес 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды (барлығы 100 АЕК).
Арал ауданындағы №62 мектеп-лицейдің 5,8 сынып оқушыларының мектеп формасын сақтамағаны үшін ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылып, АҚБтК-нің 409-бабы 2-тармағымен әкімшілік іс қозғалып, «ескерту» түріндегі әкімшілік шара көрілді.
Прокуратураның ұсынысына сәйкес Арал ауданындағы 4 мектепке (№№73, 82, 75, 262), Қазалы ауданындағы №226 мектеп-гимназияға, Қармақшы ауданындағы 7 мектепке (№№279, 99, 277, 274, 80, 269, 85), Жалағаш ауданындағы №31 мектеп-гимназиясына, Сырдария ауданындағы 12 мектепке (№№ 42, 191, 44, 147, 37, 132, 137, 139, 130, 129, 126, 135 ) Қызылорда қаласындағы мектепке (№№7, 278, Абай мектебі) әкімшілік хаттама толтырылып, АҚБтК-нің 409-бабы 7-2 -тармағымен әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Прокуратура ұсынысымен Қызылорда қаласындағы 21 мектепке (№№11, 120, 138, 145, 171, 172, 173, 175, 176, 178, 179, 189, 197, 211, 257, 271, 280, кешкі мектеп) үлгілік қағидаларды сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, АҚБтК-нің 409-бабы 4-1 -тармағымен әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.