ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ

ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ

Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қалалық, аудандық білім бөлімдері басшылары, мектеп директорларымен тәуекелдердің алдын алуға байланысты видеобайланыс арқылы отырыс өткізді.
Жаңа оқу жылының басында білім беру үрдісін жүзеге асыру барысында әртүрлі бағытта тәуекелдер бар екендігін білеміз.
Осы орайда тәуекелдер деп пайымдаған бірнеше мәселеге тоқталдық.

Департаментте бүгінгі күнге 65 өтініш тіркелді, оның ішінде осы жылы өтініш бойынша 4 жоспардан тыс тексеру болса, 23 лауазымды тұлғаға әкімшілік шара көрілді.

Бүгінгі күні қолданыстағы заңнама бойынша апталық жүктеме педагогтермен кеңесте талқыланып бекітіледі. Алайда кейбір білім беру ұйымының басшыларының әрекеттеріне педагогтер тарапынан наразылықтар бар. Сонымен бірге, педагогтердің этика сақтау мәселесі де өзекті болып отыр. Бұл мәселелерді қатаң бақылау аудандық білім бөлімдеріне тапсырылды.

Педагогтерге бекітілген сабақ кестесіне де мән беру қажет және басшы сабақ кестесінің жасалуын бақылауда ұстауы қажет.

Асхана бойынша тазалық жұмыстарын қадағалау және құзырлы органдардың қорытындысы болуы, балаларға берілетін тамақтың сапасын күнделікті бақылау, тамақтың сапасына қанағаттанбайтындығы жөнінде ата-аналар тарапынан пікірлер бар екендігі мектеп басшыларының назарын жеткізілді.

Сонымен бірге қысқы жылу беру маусымы жақындағандықтан барлық білім беру ұйымдарының жылу жүйесі бойынша дайындығын пысықтау тапсырылды.
Балалардың сабаққа келуі мен қайтуы уақытын күнделікті бақылау талап етілді.

Екі жылдан бері Департамент мектепішілік бақылауға мониторинг жүргізіп келеді. Мектепішілік бақылау білім сапасын арттырудың бірден бір құралына айналды. Мониторинг нәтижесінде байқалғандай көптеген білім беру ұйымы басшылығы мектепішілік бақылауды өз деңгейінде атқармай келеді. Осыған орай Департамент тарапынан мектеп басшыларына сын айтылды.
Білім беру ұйымдарында балалардың білім алуына қолайлы жағдай қалыптастыру әрбір білім беру ұйымы басшысының басты назарында болуы керектігі айтылды.

Отырыста қаладағы жүретін маршруттағы автобустар бойынша сабақ басталу, аяқталу уақыттарында қосымша автобустар керек екендігі, сонымен бірге қараусыз иттердің балалардың қауіпсіздігіне келтіретін зияндығына байланысты және де басқа проблемалық сұрақтар көтерілді.

Департамент өз кезегінде көтерілген мәселелер бойынша тиісті органдармен жұмыс жасайтындығын және әдістемелік көмек көрсету мақсатында көпшіліктің сұрауымен мектепішілік бақылауға байланысты семинарлар ұйымдастыратындығын айтты.