14 шілдеде Астанада оқыту семинары өтті

14 шілдеде Астанада оқыту семинары өтті

2023 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Бекимова Кенжегүл Төкенқызы және Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында `Smart Technological School` базасында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке аумақтық департаменттердегі әдеп жөніндегі уәкілдер қатысты.

Семинар барысында Комитет төрағасы Дауенов Ернұр Нұрланұлы әдеп жөніндегі уәкілдердің қоғаммен байланыста жұмысының маңыздылығына тоқталса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің бас консультанты Үсенова Гүлжахан Нұрасылқызы Әдеп кодексінің негізгі ережелері мен әдеп жөніндегі уәкілдердің ролі туралы кеңінен ақпарат берді.

Семинар барысында PR және байланыс маманы Ақсұлу Саңғалидың мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік желі және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс туралы жаңа көзқарасы өте тартымды болды.

Сонымен қатар, семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, батыл және сенімді сөз сөйлеу өнері туралы да ақпараттар берілді.

Семинар түстен кейін «Бизнес және инженеринг» жеке мектебінде жалғасты. Мектеп басшысы Қорғанбаева Гүлмира Аманжолқызы бірнеше тренингтер өткізіп, кәсіби даму бағытындағы ойларымен бөлісті.

Аталған семинар әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына жаңа серпін берері сөзсіз.