ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР

ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР
2023 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұртаев Талғат Мұхамеджанұлы Департамент қызметкерлеріне құқықтық семинар өткізді.
 
Семинар барысында Т. Нұртаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шараларға кеңінен тоқталды.
 
 Семинарда Департамент қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауаптар берілді.