ЕЛ РӘМІЗІНЕ ҚҰРМЕТ- ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

ЕЛ РӘМІЗІНЕ ҚҰРМЕТ- ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ
✅Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ұлттық бірегейлігіміздің айқын белгісі. Ту, Елтаңба және Гимн – халқымыздың тарихын, рухани құндылықтарын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін қасиетті нышандар.
✅Ел рәміздерін құрметтеу – әрбір азаматтың парызы мен жауапкершілігі. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет арқылы біз Отанға деген сүйіспеншілігімізді, елдік мүддеге адалдығымызды және ұрпақтар сабақтастығын дәріптейміз.
✅Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында баршаңызды ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға және ел рәміздерінің мәртебесін арттыруға үлес қосуға шақырамыз.
✅Ел рәміздері – ел мақтанышы, ұлт рухының символы!