Бүгін облыста білім беру-сауықтыру қызметін көрсететін ұйымдарға арналған маңызды кездесу өтті.
Департамент басшысы М. Бекмағанбетовтің қатысуымен білім беру қызметін лицензиялаудағы өзгерістер мен жаңа талаптар кеңінен түсіндірілді.
Жиынға лицензиялау бөлімінің мамандары, білім басқармасы өкілдері және ұйым басшылары қатысты.
Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы А.Досжанов аталған қызмет түрін лицензиялау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетініндігі атап өтіліп, білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары түсіндірілді.
Кездесу қорытындысында ұйымдардың қызметін жаңа талаптарға сәйкестендіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.