Қызылорда облысының педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді

Қызылорда облысының педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді
⚜️ 2026 жылғы 17 наурыз күні Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Педагогикалық әдеп жөніндегі отырысы өткізілді.
⚜️Кеңес отырысында Департамент басшысы, Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М. Бекмағанбетов жаңа Конституцияның педагогтердің мәртебесін арттырудағы маңызын баяндады.
⚜️Күн тәртібінің екінші тармағына сәйкес, Кеңес төрағасы кеңестің жаңа құрамын таныстырды.
⚜️Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Нариман Үсенұлы Жахудаевтың осы бағытта атқарылған жұмыстар бойынша есебі тындалды.
⚜️ Жаңақорған ауданындағы 104 балабақшада, 45 мектеп пен 4 қосымша білім беру ұйымдарында Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес құрылғандығы, педагогикалық әдеп нормалары көрнекі етіп барлық білім беру ұйымдарында орналастырылғандығы туралы айта отырып, аудан бойынша жүргізілген жұмыстары туралы баяндады.
⚜️Кеңес отырысында Кеңес мүшелері тарапынан Н. Жахудаевқа сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.
Кеңес барысында білім саласы ардагерлері Кеңесінің төрағасы, ардагер-ұстаз Ғ.Б. Бекенов білім саласының ардагерлерін қоғамдық шараларға тарту, соның ішінде Педагогикалық әдеп кеңесіне қатыстыру туралы ұсынысын білдірді.
⚜️Кеңес мүшелері Г. Есқалиева мен С. Камаловалар өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.
⚜️ Кеңес отырысының қорытындысымен білім басқару органдарына бірқатар ұсыныстар жолданатын болады.