Құрметті әріптестер, ұстаздар, білім саласының қызметкерлері!

Құрметті әріптестер, ұстаздар, білім саласының қызметкерлері!
✅Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы Сіздерді келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды!
✅2025 жыл - жауапкершілік пен талаптың, ізденіс пен кәсіби адалдықтың жылы болды. Білім сапасын арттыру жолында атқарылған әрбір жұмыс, қабылданған әрбір шешім – болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалған нақты қадам.
✅Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Алдымызда білім сапасын әділ бағалау, ашықтық пен сенімге негізделген жүйені одан әрі нығайту міндеті тұр. Бұл жолда сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, бірлескен еңбегімізге сенім мол.
✅Жаңа жыл әр шаңыраққа амандық, денсаулық, тұрақтылық пен табыс әкелсін! Жұмыстарыңыз нәтижелі, бастамаларыңыз сәтті болсын.