ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
✅Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыс сапары барысында бірқатар білім нысандарымен танысты.
✅Қызылорда қаласындағы СПМК-70 шағын ауданында 1500 орындық №296 «Келешек мектебінің» ашылу рәсіміне қатысты.
✅Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. 2023 жылдан бері 9 мектептің жанынан қосымша ғимарат бой көтерді. Бұл арқылы өңірдегі үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді.
✅Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрі «Бегім ана» бөбекжай-балабақшасы, «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы, №290 келешек мектебі, Физика-математика бағытындағы «Білім инновация» лицей-интернаты және "Орда School" жеке мектебінің жұмысымен танысты.
✅Жұмыс сапары барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, білім саласының одан әрі дамуының жоспарлары айқындалды.