БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ

БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ
✅Департамент білім туралы құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
✅Апостиль — құжаттың заңдылығын халықаралық деңгейде растау тәсілі. Ол құжаттың шетелде заңды күшке ие болуына мүмкіндік береді.
✅Қызметті алу тәсілі:
• Қағаз түрінде –«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  арқылы жүргізіледі.
Апостиль қойылатын құжаттар тізімі:
• Аттестат;
• Диплом;
• Транскрипт (оқу үлгерімі туралы қосымша);
• Білім беру ұйымдарынан берілген өзге де ресми құжаттар.
✅Ағымдағы жылы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін алуға жеке тұлғалардан 111 өтініш тіркеліп, оның 100 қанағаттандырылып, 11 құжат бойынша бас тартылды. 
✅ Бұл қызметті алушылардың басым бөлігі жоғары білім алуға және мамандығы бойынша кәсіби білімін жетілдіру үшін Оңтүстік Корея, Польша, Австрия, Италия, Словакия, Чехия, Қытай, Түркия мемлекеттерін таңдаған.