
Қазақстан Республикасының «Ашық Үкімет» порталының НҚА бөлігінің «Білім» категориясында «Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы талқылануда.

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 09.10.2025 жыл.

Бұйрық жобасын әзірлеу үшін негіз - «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрықтарына сәйкестендіру.

Бұл бұйрық білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының (арнайы педагог, педагог - кәсіби бағдар беруші) құжаттарының тізбесі мен нысандарын енгізе отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандардың жұмысын құрылымдауға және құжаттаманы жүргізуде бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.