Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері 2025 жылғы 7 қазан күні Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Көрнекі ақпарат мәселелері» атты республикалық семинарға қатысты.

Республикалық семинарға А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Әлеуметтік лингвистика бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Г. Исаева, Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының қызметкері А.Нұрғазы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры А.Абасилов, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен тіл мамандары шақырылған.

Семинарда «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің мемлекеттік тіл саясатына қатысты, көрнекі ақпарат мәселелері бойынша бекітілген нормалары талқыланып, мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған Заңның 4-ші бабына сәйкес: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады.