2 ҚАЗАН - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ!

2 ҚАЗАН - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ!

        Бүгін жастарды еңбекке баулып, елге қажет маман даярлайтын жандардың кәсіби мерекесі. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бұл мереке — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне деген құрметтің белгісі.                                                                                                                                                                Құрметті кәсіптік білім беру педагогтері! Сіздер жас ұрпақтың болашағына бағыт беретін, таңдаған мамандығына алғашқы жол сілтейтін, кәсіби шеберлікті үйретіп қана қоймай, нағыз азамат қалыптастыратын тұлғасыздар.
       Бүгінгі қоғам бәсекеге қабілетті мамандарды қажет етеді. Бұл талапқа сай жастарды даярлау – сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі!
        Бұл күн – Сіздердің біліміңіз бен білігіңіз, сабыр мен табандылығыңыз, ел болашағына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтатын күн!
        Әр шәкірттің жетістігінде ұстаздың ізі бар. Сіздердің еңбектеріңіз – ел дамуының негізі.
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
       Департамент ұжымы Сіздерге сарқылмас күш-қуат, шығармашылық шабыт, алға қойған жоспарларыңыздың жүзеге асуын, жаңа кәсіби жетістіктерді, мықты денсаулық, табыс тілейді!