ҰСТАЗҒА АЛҒЫС - ЖҮРЕКТЕН!

ҰСТАЗҒА АЛҒЫС - ЖҮРЕКТЕН!
        Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  елімізде педагогтің қоғамдағы мәртебесін көтеруге бағытталған нақты қадамдар жасалып жатыр. Соның жарқын бір көрінісі  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өтіп жатқан «Ұстазға алғыс!» апталығы жалғасуда.

        Апталықтың басты мақсаты - ұстаздарға деген шынайы құрмет пен алғысты білдіру, шәкірттің жүрегінде өшпес із қалдырған жандардың еңбегін елеп-ескеру.

        Бүгін, ұстаздар күні қарсаңында Қызылорда облысы білім саласының қызметкерлері өз ұстаздарына алғыс білдіру шарасын ұйымдастырды. 

        Департамент басшысы Ғалия Дәулетова да бұл бастамадан тыс қалмай, өзі білім алған Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылындағы Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектептің математика пәні мұғалімі, сынып жетекшісі болған ардақты ұстазы Шәдиева Тоты Бодыққызын арнайы шақырып, шын жүректен құрметі мен ризашылығын жеткізді.

        Ұстаз – адам тәрбиелейтін, қоғам қалыптастыратын тұлға. Осындай ізгі шаралар олардың еңбегін бағалауға, мәртебесін көтеруге нақты үлес болмақ.

 
https://www.facebook.com/share/v/1BXKrNosAv/?mibextid=wwXIfr