МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА ДЕҢГЕЙДІҢ БАСТАУЫ!

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАҢА ДЕҢГЕЙДІҢ БАСТАУЫ!

             Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы бастамасымен  мемлекеттік қызметшілерге арналған жасанды интеллект негіздері бойынша білім беретін AI Qyzmet онлайн курсынан өтті.

          AI Qyzmet - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне арнайы әзірленген жасанды интеллект негіздеріне арналған онлайн курс.  Онлайн курс бағдарламасы мемлекеттік басқару жүйесінде цифрлық мәдениетті қалыптастыру мен жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметкерлер курс аясында:

– Мемлекеттік басқаруда цифрлық мәдениетті дамыту

– Жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру 

– Қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеру  бағыттарымен танысты.

          Курс соңында қатысушылар білімін тест арқылы дәлелдеп, арнайы сертификаттарға ие болды. Бұл — білім беру саласы қызметкерлерінің технологияны меңгеруге деген ашықтығы мен кәсібилігінің айқын көрінісі.