
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев биылғы республикалық Тамыз конференциясында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы ел көлемінде тәрбие жұмысының бірізді стандартпен жүргізілуіне және барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруына мүмкіндік беретіндігін айтып, бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті екендігін атап өтті.

Бұл бағдарлама не береді?

Оқушы бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отаншылдық, патриоттық сезім қалыптастырады;

Мұғалім мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтады;

Баланың адамгершілік бейнесін дамытады;

Қоғамға пайдалы, елін сүйетін жас ұрпақты тәрбиелеуге жол ашады.

Еліміздің болашағы – бүгінгі мектептегі тәрбиелі оқушыда. Оған тек білім емес, құндылық керек. Осы орайда биылғы оқу жылында тәрбие жұмысы 6 базалық құндылық аясында жүргізіліп, әр ай белгілі бір құндылыққа арналады: «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен»,«Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы».

Бағдарлама мазмұнына сәйкес ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталады:
• Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
• Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
• Қараша – әділдік және жауапкершілік айы;
• Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
• Қаңтар – заң және тәртіп айы;
• Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
• Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
• Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
• Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.

Мұғалімдер мен ата-аналар осы бастаманы қолдап, іске асырса – қоғамда сапалы өзгеріс болары сөзсіз.