
Бүгін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Мелдебекова Майра Тұрғанбаевнаның басшылығымен онлайн форматта жиын өткізілді.
Жиынға өңірлердің білім басқармаларының, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы өкілдері қатысты.
Жаңа оқу жылының басталуына орай «Заман талабына сай - адамгершілігі жоғары, кәсіби құзыретті және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағына бағдар беру мақсатында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты педагогтердің республикалық Тамыз саммитін өткізудің негізгі бағыттары айқындалды:
-«Адал азамат» бағдарламасы аясында оқыту мен тәрбиелеудің интеграциясы;
-Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру және болашақ (hard, soft, digital) дағдыларды қалыптастыру;
- Әдеп, қауіпсіздік және сапаны ескере отырып, орта білім беруге жасанды интеллектіні енгізу;
-«Қазақстан балалары» стратегиясын жүзеге асыруда мүдделі органдардың өзара іс-қимылын дамыту;
- Мектептерде инклюзивтік білім беру тәжірибесін жетілдіру.
Аталған бағыттар бойынша Республикалық тамыз кеңесі Астана қаласында 2025 жылдың 14-15 тамыз, өңірлерде 18-22 тамыз күндері өткізу жоспарлануда.