
Бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы А.Мырзагалиева азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауда азаматтардың білім беру ұйымдарының кезекті мемлекеттік аттестаттациядан өту барысы, «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметін алу мерзімі бойынша сұрақтар қойылды.
Жеке қабылдау барысында бөлім басшысы А.Мырзагалиева азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға заңға сәйкес түсіндірме жасады.