Меню

Страницы

Статья

Құрметті үстаздар!

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.

Осы Заңда педагогтердің шарттары, шектеулері, құқықтары мен міндеттері көзделген.

Мәселен, осы Заңға сәйкес педагог кәсіптік қызметті жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға, сондай-ақ оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі міндеттерді жүктеуге жол берілмейді.

Бұл ретте педагогтерді өзіне тән емес функционалдық міндеттерге тартқаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған.

Сондай-ақ, педагогикалық этика ережелеріне сәйкес педагогикалық этиканың негізгі нормаларының бірі педагогтер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қабылдайды, өздерінің жеке мінез-құлқымен адалдыққа, бейтараптық пен әділеттілікке үлгі болады.

Құрметті ұстаздар! ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру ұйымдары 5 жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өтеді, оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаменттері жүргізеді.

Сонымен қатар, білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау бойынша оң қорытынды алу сылтауымен педагогтерден ақша жинау фактілері орын алуда. Өз кезегінде бұл сыбайлас жемқорлық факторы болып табылады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында қаражат жинау фактілері көрініс тапқан жағдайда Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне 8 7172-74-23-92 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің

Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

 

Дата публикации
18 сентября 2024
Дата обновления
18 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 сентября 2024
Құрметті үстаздар!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы