Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы мүмкін факторлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптары аппарат отырыстарында талқыланып, профилактикалық бақылау, арыз-шағымдарды қарау кезінде (жоспардан тыс тексеру), мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін орындау барысында заңды және жеке тұлғаларға қатысты заң талаптарына негізделген хаттар, құқықтық акті шығару керегі ескертіліп отырды. Жыл сайын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары» әзірленіп, Департаменттің интернет-ресурсына орналастырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне келісуге хат жолданып, Департамент қызметкерлеріне мекеме жұмысымен танысу ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департаментте тұрақты түрде құқықтық оқытулар өткізілуде.
https://www.facebook.com/share/r/1AmZb1Mm5w/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/1BjpGb235N/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/p/177kps5Lxy/?mibextid=wwXIfr
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Бибітова Мирамкүл Малайқызының қатысуымен құқықтық оқыту өткізілді. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет өткеру тәртібіне қатысты мәселелер талқыланды.
19.02.2026 жылғы құқықтық оқыту семинарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы қатысып, түсіндірме жасады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы мүмкін факторлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптары Департаменттің аппарат отырыстарында талқыланып, профилактикалық бақылау, арыз-шағымдарды қарау кезінде (жоспардан тыс тексеру), мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін орындау барысында заңды және жеке тұлғаларға қатысты заң талаптарына негізделген хаттар, құқықтық акті шығару керегі ескертіліп отырады