Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі-Департамент) 2026 жылы штат бойынша 9 мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмыс жасайды.
Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалында біліктілігін уақытылы арттырып отырады. 1-қызметші ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінен тағылымдамадан өтті.
Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) екі бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу».
2026 жылдың І тоқсанында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі бойынша білім беру ұйымдарынан барлығы - 12 өтініш тіркелген. Оның ішінде, лицензия және лицензияға қосымшасын алуға 8 өтініш, лицензия және лицензияға қосымшасын қайта ресімдеуге 4 өтініш берілген. І тоқсанда тіркелген 12 өтініштің 9-ы қанағаттандырылып, 3 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарт бекітілген.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өтініштер саны - 18, апостильденген құжаттар саны -11, Апостильдеуден бас тартылғандар саны -7 өтініш. Бару елдері бойынша 11 – Корея, білім деңгейі бойынша – 11 орта білім туралы табелі.
Мемлекеттік аттестаттау 2026 жылдың бірінші тоқсанында 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымына жүргізілді, оның 4-і аттестатталды (30,7%) (1 мем., 3- жеке балабақша), 9 (69,3%) жеке балабақша аттестатталмады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. 2026 жылдың бірінші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан 78 өтініш тіркелген, оның 28-і қаралды, 46-ы – құзыреттілігіне қарай басқа органға жолданды.
Педагогикалық қызметтегі әдеп қағидалары 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығында айқындалған.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 64-VIII ҚРЗ заңына сәйкес Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) өңделіп, бекітілді.Үлгілік қағидаларға сәйкес Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріндегі (бұдан әрі - Департамент) педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың қағидалары бекітілген.
Департамент жанынан 2021 жылғы қаңтар айынан бастап педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган жұмыс жасауда.
Департамент жанынан педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган 2021 жылғы 21 қаңтарда №5/н бұйрығымен құрылған. Қазіргі таңда Департамент басшысының өзгеруіне байланысты, аталған Кеңестің құрамына өзгерістер енгізіліп, 10.03.2026 жылғы №61-н бұйрығымен бекітілді.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) құрамы қалыптастырылған.
Аталған Кеңес педагогтердің педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Осы кезеңге дейін Департамент жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын 28 педагогтың педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға қатысты іс –әрекеттері қаралды. Соның ішінде 5 мектеп директоры, 3 мектеп директорының орынбасары, 20 педагог. Кеңінен жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесімен, 2026 жылдың 1-тоқсанында педагогтердің әдеп нормаларын бұзу бойынша шағым түспеген.
2026 жылғы 17 наурыз күні Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес отырысының 1 отырысы өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DV_IQxVEYHw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.facebook.com/share/v/17yiov88U7/
Кеңес отырысының бекітілген күн тәртібіне сәйкес, отырыста конституциялық өзгерістердің педагогтердің мәртебесін арттырудағы рөлі туралы Департамент басшысы М.Б. Бекмағанбетов кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, отырыста Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жаңа құрамы таныстырылып, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі басшысы Н. Жахудаевтың есебі тыңдалды.
Департамент жергілікті атқарушы органдармен тұрақты қарым-қатынас жасайды. Департамент қызметкерлері Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастырған шараларына, оның ішінде қайырымдылық акциясына қатысты. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің, білім басқармасының, қоғамдық кеңестің, мәслихат отырыстарына қатысып, ұсыныс-пікірлерін береді.