Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы «№410-V Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы, 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын» жүзеге асыру мақсатында Департаментте Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылған.Жұмыс тобының жоспарына сәйкес, Департаменттің қаржылық қызметіне, «Білім беру қызметін лицензиялау» мемлекеттік қызметіне, Білім саласын реттейтін нормативтік – құқықтық актілерінің орындалуына және кадр қызметіне ішкі талдау жүргізеді.
Сонымен қатар, 2025 жылғы ақпан-наурыз айларында Департамент Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп, Қызылорда облысындағы мектепке дейінгі ұйымдарын білім басқару органдары тарапынан қаржыландырудың заңдылығына қатысты саралау жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне келісуге хат жолданып, 2025 жылғы 6 наурыз күні Департамент қызметкерлеріне мекеме жұмысымен танысу ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департаментте тұрақты түрде құқықтық оқытулар өткізілуде.
2025 жылғы 23 маусым күні Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Бибітова Мирамкүл Малайқызының қатысуымен құқықтық оқыту өткізілді. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет өткеру тәртібіне қатысты мәселелер талқыланды.
Жыл бойы, әрбір Департамент тарапынан өткізілетін кездесулерде, көпшілік алдында сөз сөйлеулерде, тағы да басқа іс-шараларда білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «жемқорлыққа төзімсіздік саясатын» (zero tolerance) жүзеге асыру, заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.