Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалында біліктілігін уақытылы арттырып отырады.
2025 жылдың 12 айында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне білім беру ұйымдарынан барлығы – 384 өтініш тіркелді. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру - 21 мектеп, 1-колледж. 7 мектепке бас лицензия, 9 мектепке лицензияға қосымша берілді. 2 мектепке бас лицензия, 3 мектепке және 1 колледжге лицензияға қосымша беруге бас тартылды.
Рұқсаттық бақылау 16 мектепке, 1 колледжге жүргізілді («STEM» Қызылорда жеке мектебі, «Тамаша» жеке мектебі, «Орда school» жеке мектебі, «Болашақ» ілім лига жеке мектебі, №115, №280, №285, №287, №288, №289, №290, №291, №292, №293, №294 орта мектептер, «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғарғы колледжі»).
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу 362 білім беру ұйымына оның ішінде, 32 колледж, 330 мектепке жүргізілді.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарт бекітілген.
2025 жылы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін алуға 140 өтініш: апостиль қойылғаны – 115; бас тартылғаны – 25. Корея – 40, Түркия - 48, Италия – 18, Польша - 4, Чехия - 3, Россия – 2 және т.б.). Колледж – 5, жалпы орта -82, негізгі орта-7, табель – 21.
Мемлекеттік аттестаттау 2025 жылы 149 білім беру ұйымына жоспарланды, оның 4-і жабылды (1 балабақша, 3 мектеп), 145 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізіліп, 37 (25,5%) білім беру ұйымы бірінші реттен аттестатталды (19 мектеп, 18 балабақша), 108 (74,5%) білім беру ұйымы аттестатталмады (30 мектеп, 78 балабақша).
97 мектепке дейінгі білім беру ұйымына жүргізілген мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен 17 (17,7%) білім беру ұйымы бірінші реттен аттестатталды, 79 (82,3%) білім беру ұйымы аттестатталмады, 1 балабақша(«Ақниет» жеке балабақшасы жабылды, 8 жеке меншік балабақша ("Мұстафа" жеке бала бақша-яслиі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Бади-Нур KZ" балабақшасы" жеке мекемесі, «Диана-П» жеке балабақшасы, «Рауан» шағын орталығы, «Алтынұя-М» жеке балабақшасы, «Ясмин» жеке балабақшасы, «Нурислам»жеке балабақшасы, («Ақниет-2» жеке балабақшасы) екінші реттен мемлекеттік аттестаттаудан өте алмады, реестрден шығарылды.
Мемлекеттік аттестаттау аясында жүргізілген кешенді тестілеуге 49 мектептен 3696 білім алушы қатысты, білім сапасы - 39% (яғни 4 және 5 бағаларын алғандар үлесі), үлгермеуші – 18,6% (яғни 2 бағасын алғандар үлесі) көрсетті.
49 мектептің ішінде 4 мектеп оқушылары кешенді тестілеудің шекті деңгейден өте алмады: Сырдария ауданындағы №191 мектеп, Шиелі ауданындағы №40 мектеп, «Жуантөбе» бастауыш мектебі және Қызылорда қаласындағы «Аңсар-Кәусар-2020» жеке меншік мектебі.
2025 жылдың 24 ақпан – 3 наурыз аралығында "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі" коммуналдық мемлекетік мекемесіне, БСН 990240001534 жоспарлы тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 20 бағыттың 7 бағыты бойынша бұзушылықтар анықталып, 2025 жылдың 1 тамызына дейін қалпына келтіруге уақыт беріліп, бұзушылықтар жойылды.
2025 жылдың 21-29 сәуір айында "Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінде" жүргізілді. Нәтижесінде 20 бағыттың 11 бағыты бойынша бұзушылықтар анықталып, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін қалпына келтіруге уақыт беріліп, бұзушылықтар жойылды.
2025 жылдың 6-15 қазан айында "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жоспарлы тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 20 бағыттың 11 бағыты бойынша бұзушылықтар анықталып, ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін қалпына келтіруге уақыт берілді.
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2025 жылғы 12 айы бойынша барлығы, 19 әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік іс ашылған.
Олар, 1) Қызылорда қаласы бойынша №101 мектеп-лицейінің лауазымды тұлғасына – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
2) «Зияткер» жеке мектебінің лауазымды тұлғасына – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
3) «Зерделі бала» - оқу орталығының лауазымды тұлғасына – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
4) «Сырғалым» бөбекжай-балабақшасының лауазымды тұлғасына – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
1). Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің №181 орта мектебінің лауазымды тұлғасына – 10 АЕК айыппұл салынған.
2). Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №247 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
3). Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №190 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
4). Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №24 орта мектебі лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
5). Сырдария ауданы бойынша «№36 мектеп-лицейі » лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
6). Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №193 орта мектебінің лауазымды тұлғасына 10 АЕК айыппұл салынған.
4.ҚР ӘҚБтК 409 бабының 2 тармағы (Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы) Қызылорда қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның 19.02.2025 ж №4/3 хаттамалық шешіміне сәйкес Қызылорда қаласындағы медициналық колледж студенті Д.Айғожаның ата анасына «Ескерту» түрінде жаза қолданылған.
2025 жылға Білім беру қызметіне лицензия немесе лицензияға қосымша алмай жұмыс жүргізгені үшін 4 мемлекеттік, 2 жеке мектепке (№115, №287, №291, №293, «Зейін» жеке мектебі, «Байтерек School» «Baiterek School» жеке мектебі) ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Қызылорда қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына және Жаңақорған, Жалағаш, Арал аудандық соттарына жолданды. Қорытындысымен №287 мектепке 25 АЕК көлемінде, №115 - 25 АЕК көлемінде, №291 негізгі орта мектепке-25 АЕК көлемінде, №293 орта мектепке-25 АЕК көлемінде, «Зейін» жеке мектебіне-25 АЕК көлемінде, «Байтерек School» «Baiterek School» жеке мектебіне -40 АЕК көлемінде әкімшілік айппұл салынды,
Қайталама №287 орта мектебіне, «Байтерек School» «Baiterek School» жеке мектебіне ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, Қызылорда қаласының Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Қорытындысымен №287 мектепке-50 АЕК көлемінде, «Байтерек School» «Baiterek School» жеке мектебіне-80 АЕК көлемінде әкімшілік айппұл салынды.
Сот отырысына қатысу -4 (№197, №253, №113, №135).
|
№ |
Барлық түскен өтініштер |
Барлық қаралғаны |
Басқа органға жіберілгені |
Келесі айға қалдырылды |
|
|
1 |
245 |
58 |
187 |
0 |
|
2025 жылы беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, білім саласындағы жаңалықтар, білім саласындағы заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, білім саласына қатысты мәселелер және т.б. бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта білім беру саласы, педагог құқығы, буллинг, т.б. мәселелер бойынша облыс аумағындағы ата-аналар, педагогтар тікелей Департаментке жүгінуде.
Сауалдардың басым бөлігі – жалпы білім беру ұйымдарының қызметі, жалақы мәселесі, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысты болды. Келіп түскен сауалдарға Департамент тарапынан сараптама жасалып, уақытылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Департамент қызметкерлері, мемлекеттік аттестаттау, мониторинг жүргізу барысында, түрлі комиссия құрамында облыс тұрғындарына білім саласына қатысты түсіндірмелерді тұрақты жүргізуде. Әлеуметтік желілер арқылы қойылған сауалдарға дер кезінде жауап беріліп, түсіндірмелер жасалуда.
2025 жылы 19 ақпанда департаменттің лицензиялау бөлімінің басшысы Н.Жұманов ФБ әлеуметтік желісінде «Қоғам сұрауы» айдарымен білім беру қызметімен айналысу үшін берілетін лицензия талаптарына түсіндірме жасады.
2025 жылдың 1-тоқсанында білім саласындағы жобаларға қатысты тақырыптық мониторинг жүргізілді.Мониторингпен 22 мектеп, 6 балабақша қамтылды, оның ішінде, 3 балабақшаның консультациялық пунктіне, 3 балабақшаның құзыреттілік орталығына, 20 мақсатты мектепке, 1 «В» деңгейіндегі мектепке, 1 «А» деңгейіндегі мектепке мониторинг жүргізілді. Нәтижесі Комитетке жолданды.
Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылы 47 мектепке «Жыл сайынғы шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектепті жаңғырту» жобасының іске асырылуы, мектепішілік бақылау (ВШК), ішкі санитарлық тораптар, мектептердегі педагогикалық әдеп кеңестерінің қызметі, балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру сапасы» бағыттары бойынша жүргізілген мониторинг қорытындылары Комитетке жолданды.
Педагогикалық қызметтегі әдеп қағидалары 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында айқындалған. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 64-VIII ҚРЗ заңына сәйкес Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) өңделіп, бекітілді.
Үлгілік қағидаларға сәйкес Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттеріндегі (бұдан әрі - Департамент) педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың қағидалары бекітілген.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) құрамы қалыптастырылған.
Аталған Кеңес педагогтердің педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
Департамент жанынан педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган 2021 жылғы 21 қаңтарда №5/н бұйрығымен құрылды.
Осы кезеңге дейін Департамент жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын 28 педагогтың педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға қатысты іс –әрекеттері қаралды.
Соның ішінде 5 мектеп директоры, 3 мектеп директорының орынбасары, 20 педагог.
Педагогикалық әдеп нормаларының бұзу Қағидалардың 1-қосымшасымен бекітілген педагогикалық әдеп қағидалары талаптарын сақтамау салдарынан орын алып жатады.
Мысалы, басшы мен ұжымның немесе екі педагогтың арасында туындаған түсінбеушілік дауға, кикілжіңге әкеп соқтыруда. Сонымен бірге, педагогикалық әдеп нормаларын бұзу бойынша орын алған іс-әрекеттердің басым бөлігі «Академиялық адалдық принциптерін сақтамау» болып табылады.
Кеңес тарапынан жоғарыда аталған педагогтердің педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактісіне қатысты білім басқару органдарына тиісті ұсыныстар беріліп, оларға тәртіптік жаза қолданылды.
Департамент жанынан 2021 жылғы қаңтар айынан бастап педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган жұмыс жасауда. Биылғы жылы 4 Кеңес отырысы өткізілді.
2025 жылы Кеңес отырыстарында Жаңақорған, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандары бойынша білім бөлімінің басшыларының есептері тыңдалып, бірқатар ұсыныстар берілді.
Атап айтқанда, 2025 жылдың 31 наурызында Жаңақорған аудандық білім бөлімінің осы бағытта атқарылған жұмысы қаралды, 2025 жылғы 18 маусым күні Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Г. Абдазиеваның есебі, 2025 жылғы 23 қыркүйекте Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Е. Жақыптың есебі, 2025 жылғы 22 желтоқсан күні Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Д. Насибековтың аудандағы білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормаларының сақталуы бойынша жасаған есебі тыңдалды. Аталған отырыста 2026 жылға арналған Кеңестің Жұмыс жоспары бекітілді.
Әрбір өткізілген отырыс қорытындысымен білім беру ұйымдары педагогикалық әдеп мәселелері жөніндегі Кеңес тарапынан бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілуде, соның ішінде:
Департаменттегі педагогтикалық әдеп жөніндегі Кеңестің, Кеңес мүшелерінің тұрақты түрде жүргізіп отырған ақпаратты-насихаттық жұмыстары нәтижесімен, 2025 жыл ішінде Департаментке педагогтер тарапынан педагогикалық әдеп қағидаларын бұзу фактілеріне қатысты арыз-шағымдар түспеген.
Департаментте құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында Педагогикалық әдеп қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету және педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында білім басқару органдарына тарату үшін электрондық брошюра жолданды.
«Педагог мәртебесі» Заңы талаптарын бұзу фактісіне байланысты 2025 жылы 2 әкімшілік іс қозғалып, екі мектеп директорына (Қызылорда қаласындағы №233 Ж. Нұрсейтов атындағы орта мектебінің директоры А. Рсаева педагогтерді пән кабинеттерін жөндеу жұмыстарына тарту фактісіне қатысты және Сырдария ауданындағы №174 мектептің директоры Г. Смайлова педагогтерді мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына тарту бойынша) «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
2026 жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
2025 жылғы 27 ақпан – 27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді. 2025 жылғы 13 наурыз күні Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев Департамент басшысы Ғ.Дәулетованы қабылдады. Қабылдау барысында Департамент басшысы Ғ.Дәулетова 2024 жылы білім беру ұйымдарына өткізілген мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары туралы баяндады. Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы 387 мемлекеттік бақылау шаралары өтті. Қорытындысымен 5 кешкі мектеп жабылды, сонымен қатар, заңсыз жұмыс жасап жатқан бастауыш мектептердің 13 қосымша ғимараттарындағы жұмыстары тоқтатылды.Лицензиясыз қызмет атқарған 5 мектепке хаттама толтырылып, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, Департамент басшысы облыс көлемінде жұмыс жасайтын 33 жеке мектепке бақылау шаралары жоспарланғандығын айтып, 2025 жылы Департаментпен атқарылатын жұмыстарға тоқталды.2025 жылғы 8 сәуір күні Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мырзагалиева Айгуль Абаевна Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп кеңесінде 2024 жылы Департаментте атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. 2025 жылғы 18 сәуірде Департамент басшысы Қорқыт Ата атындағы университет базасында «Білім берудегі аймақтық көшбасшылық: инновациялар және әрекеттегі жасанды интеллект» тақырыбындағы еліміздің барлық аймақтарынан келген білім саласының басшыларының қатысуымен өткен семинар аясында «Білім беру саласында ашықтық пен тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін технологияларды қолдану» бағыты бойынша баяндама жасады.Баяндама барысында Ғалия Дәулетова білім саласын бақылауда цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесіне тоқталып, мемлекеттік бақылау шараларын өткізу барысында мәліметтер барлық ақпарат көздерінен алынатындығын айтты.2025 жылғы 25 тамызда Өңірлік коммуникациялар орталығында Департамент басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы хабарлама жасады.
Жергілікті атқарушы органдарға берілген ұсыныстардың орындалуы:
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытылмайтын мамандықтарды қайтару бойынша жұмыстарын жалғастыруда, сонымен қатар бейініне сәйкес емес колледждерді бейініне сәйкестендіру бойынша облыстық білім басқармасына берілген ұсыныстар қабылданып, агротехникалық колледж политехникалық колледж болып өзгертілді, ал политехникалық колледж IT колледж болып жұмысын ұйымдастырды.
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 001 «Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бағдарламасы бойынша 2025 жылы 114 408,8 мың теңге қаржы бөлініп, 100 пайыз игерілді.