🔰Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымшасын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметін заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырып келеді.
✅Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініш берушілер үшін қолжетімді әрі ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында www.egov.kz электрондық үкімет порталы мен arm.elicense.kz «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы толықтай электрондық форматта көрсетіледі.
✅Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
📈2025 жылғы жұмыс қорытындысы:
✅2025 жылы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы білім беру ұйымдарынан 384 өтініш тіркелді. Оның ішінде 22 өтініш білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымша алуға, ал 362 өтініш лицензияны және лицензияға қосымшасын қайта ресімдеуге қатысты болды.
‼ Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және лицензияға қосымшасына алуға берілген 22 өтініштің 16-сы қанағаттандырылып, 6 өтініш Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қанағаттандырылмады.
✅Сонымен қатар, лицензия және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу бойынша 362 өтініштің барлығы белгіленген тәртіпте қаралып, мемлекеттік қызметі көрсетілді. Аталған өтініштердің 32-сі колледждерден, 330-ы жалпы білім беретін мектептерден келіп түсті.
⏳Білім беру қызметін лицензиялау – білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Цифрлық формат мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттырып, рәсімдердің тиімді орындалуына мүмкіндік беріп отыр.