БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНАН ШЫҒАТЫН РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ АПОСТИЛЬДЕУ

Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы стандарт бекітілген.

Департаментке 2025 жылы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін алуға 129 өтініш тіркеліп, 115 өтініш қанағаттандырылды, 14 өтінішті орындаудан бас тартылды.  Оның ішінде, бару елдері бойынша 39- Оңтүстік Корея еліне,   9- Польша,  6- Австрия,  15- Италия, 4- Словакия,  5- Чехия,  8-Қытай, 29- Түркия мемлекеттеріне білім беру мекемелерінің құжаттарын апостильдеу мемлекеттік қызметі көрсетілді.

Дата публикации
06 января 2026