Мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) екі бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» және «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу».
2025 жылдың 12 айында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне білім беру ұйымдарынан барлығы – 384 өтініш тіркелді. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру - 21 мектеп, 1-колледж. 7 мектепке бас лицензия, 9 мектепке лицензияға қосымша берілді. 2 мектепке бас лицензия, 3 мектепке және 1 колледжге лицензияға қосымша беруге бас тартылды.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу 362 білім беру ұйымына оның ішінде, 32 колледж, 330 мектепке жүргізілді.