Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысы

Департамент жанынан педагогикалық әдеп жөніндегі облыстық консультациялық-кеңесші орган 2021 жылғы 21 қаңтарда №5/н бұйрығымен құрылды.

Осы кезеңге дейін Департамент жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысында Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын 28 педагогтың педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға қатысты іс –әрекеттері қаралды.

Соның ішінде 5 мектеп директоры, 3 мектеп директорының орынбасары, 20 педагог. 

Педагогикалық әдеп нормаларының бұзу Қағидалардың                                             1-қосымшасымен бекітілген педагогикалық әдеп қағидалары талаптарын сақтамау салдарынан орын алып жатады.

Мысалы, басшы мен ұжымның немесе екі педагогтың арасында туындаған түсінбеушілік дауға, кикілжіңге әкеп соқтыруда. Сонымен бірге, педагогикалық әдеп нормаларын бұзу бойынша орын алған іс-әрекеттердің басым бөлігі «Академиялық адалдық принциптерін сақтамау» болып табылады.

Кеңес тарапынан жоғарыда аталған педагогтердің педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактісіне қатысты білім басқару органдарына тиісті ұсыныстар беріліп, оларға тәртіптік жаза қолданылды.

2025 жылы Кеңес отырыстарында Жаңақорған, Қармақшы, Сырдария аудандары бойынша білім бөлімінің басшыларының есептері тыңдалып, бірқатар ұсыныстар берілді.

2025 жылдың 31 наурызында Департаментте Кеңестің  отырысы өткізілді. Кеңесте Жаңақорған аудандық білім бөлімінің жұмысы қаралып, ұсыныстар берілді.

2025 жылғы 18 маусым күні Департаментте Әдеп кеңесінің 2-ші отырысы өткізілді. Әдеп кеңесінде Қармақшы ауданы білім бөлімі басшысының есебі тыңдалды. Бірқатар ұсыныстар берілді.

2025 жылғы 23 қыркүйек күні Департаментте Әдеп кеңесінің 3-ші отырысы өткізілді. Әдеп кеңесінде Сырдария ауданы білім бөлімі басшысының есебі тыңдалды. Бірқатар ұсыныстар берілді.

Дата публикации
04 октября 2025