Департаментпен тұрақты түрдеәлеуметтік желідегі білім саласына қатысты мәселелерге зерделеу жүргізіп отырады.
2025 жылдың қаңтар айындабілім саласындағы жобаларға қатысты тақырыптық мониторинг жүргізілді.Мониторингпен 22 мектеп, 6 балабақша қамтылды, оның ішінде,3 балабақшаның консультациялық пунктіне, 3 балабақшаның құзыреттілік орталығына, 20 мақсатты мектепке, 1 «В» деңгейіндегі мектепке, 1 «А» деңгейіндегі мектепке мониторинг жүргізілді. Нәтижесі Комитетке жолданды.
Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылдың 9 айында мектептерге «Жыл сайынғы шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектепті жаңғырту» жобасының іске асырылуы, мектепішілік бақылау (ВШК), ішкі санитарлық тораптар, мектептердегі педагогикалық әдеп кеңестерінің қызметі, балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру сапасы» бағыттары бойынша жүргізілген мониторинг қорытындылары Комитетке жолданды.